050057, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Түркісіб ауданы, Алғабас көшесі, 2а
+7 (727) 257 07 17 +7 (727) 251 03 98

Компания туралы

«BIRUNIFARM» («БИРУНИФАРМ») ЖШС фармацевтикалық кәсіпорыны 2009 жылы құрылды және Қазақстан Республикасындағы гемодиализ ерітінділерін шығаратын алғашқы кәсіпорын болып табылады. 2010 жылғы маусымда Алматы қ. әкімі А.С.Есімов Қазақстан Республикасы Президентімен болған телекөпір уақытында өндірістік желілерді іске қосты.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевпен болған телекөпір уақытында біз дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар нарығында қазақстандық тауарлар үлесін арттырамыз деп уәде берген болатынбыз.

Отандық фармацевтикалық индустрияны дамыту – Ел басшысының денсаулық сақтау саласында қазақстандық өнімдер үлесін арттыру туралы тапсырмасын орындау әрі қазақстандықтардың қауіпсіз денсаулығының кепілі екені сөзсіз.

Кәсіпорын Алматы қаласы бойынша «Индустриализациялаудың аймақтық картасына» енгізілген (10.06.2010 ж. №2/400 қаулы).

2010 жылы «СК-Фармация» мемлекеттік фармацевтикалық өнім берушімен ұзақмерзімді (7 жылға) шарт бекітілді.

Өндіріс үшін шикізат пен өнім берушілер ерекше мұқият таңдалады. Кәсіпорын шығаратын өнімдердің сапасы жоғары, бұл еуропалық өнім берушілердің субстанцияларын пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі, олардың өндірісі GMP талаптары мен принциптеріне сәйкес.

Кәсіпорынның сапа менеджменті жүйесі ISO 13485 талаптарына сәйкес.

Технологиялық өндіріс процесі ұйымның стандарттарына және кәсіпорынның өндірістік ережелеріне сәйкес.

Кәсіпорынның сапаны бақылау зертханасы нормативтік-техникалық құжаттамамен қамтамасыз етілген және шикізат пен дайын өнімнің сапасын үнемі қатаң бақылауға мүмкіндік беретін талаптарға сай келетін бақылау-өлшеу құралдарымен жабдықталған.

Қойма ғимараттары медициналық бұйымдарды сақтау, жіберу және тасымалдау талаптарын қанағаттандырады.

Өнімдер СТ-KZ тауардың шығу тегі сертификатымен расталған отандық өндірушілердің тізілімінде тіркелген.

«BIRUNIFARM» («БИРУНИФАРМ») ЖШС өнімдері Қырғызстан Республикасында тіркелген.

Дайын өнімді жеткізу бойынша өтінім формасы

Диализге арналған су

Диализге арналған су

Гемодиализ үшін пайдаланылатын диализ ерітіндісі қанықтырылған концентраттар мен тазартылған суды араластыру арқылы дайындалады.

Жалпы мәліметтер

Жалпы мәліметтер

Гемодиализдің негізгі көрсеткіші — бүйрек жеткіліксіздігі, сондықтан науқастарда гемодиализ процедурасы өмірді ұзартады.

Сау бүйректердің қызметі

Сау бүйректердің қызметі

Бүйректер дененің қалыпты жұмысының нәтижесі болып табылатын артық сұйықтықты және зиянды метаболикалық өнімдерді денеден үздіксіз шығарады.