050057, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Түркісіб ауданы, Алғабас көшесі, 2а
+7 (727) 257 07 17 +7 (727) 251 03 98

Диализ суы

Гемодиализ үшін пайдаланылатын диализ ерітіндісі қанықтырылған концентраттар мен тазартылған суды араластыру арқылы дайындалады. Сондықтан, қолданылатын судың сапасы науқастың күйіне өте күшті әсер етеді. «BIRUNIFARM» («БИРУНИФАРМ») ЖШС компаниясында әдеттегі қиыршықтасты-құмды, көмірлі және катионды-алмасымдық фильтрлерден бөлек, суды тұз иондарынан, ерітілген заттардан, бактериялар мен эндотоксиндерден тазалауға арналған, кері осмостық су тазарту блогы орнатылған, мейлінше жаңа көпсатылы су тазарту жүйесі енгізілді. Кері осмос құрылғысы иондарды 99-дан 99,8%-ға дейін сүзеді.