BF-В гемодиализге арналған концентрацияланған негізгі ерітінді
Қолданылу саласы: Гемодиализдік емдеу кезінде, бауырдың созылмалы және жедел жеткіліксіздігінен, гипертониядан, уыттанудан зардап шегетін емделушілерді емдеу кезінде қышқылдық-сілтілік және су-электролитті тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Фармакологиялық қасиеттері: Гемодиализдік ерітінділер жартылай өткізгіш жарғақшалардың көмегімен қышқылдық-сілтілік және сулы-электролитті тепе-теңдікті түзетеді. Дезинтоксикациялық әсер етеді және қанның катаболиттерден тазаруын қамтамасыз етеді.
Бұйымның құрамы мен сипаттамасы:
«BF-В» ерітіндісі гемодиализ аппараттарында тиісті «BF-А» концентрацияланған қышқылды ерітіндісімен бірге мынадай арақатынаста қолданылады: BF-A: BF-B: тазартылған су 1.000 : 1.225 : 32.775 түрінде. Көрсетілген арақатынаста сұйылтқаннан кейін қолдануға дайын ерітіндінің құрамы төмендегідей болады: | |||||||||||||
Na+ ммоль/л |
K+ ммоль/л |
Ca++ ммоль/л |
Mg++ ммоль/л |
Cl- ммоль/л |
CH3COO- ммоль/л |
HCO3- ммоль/л |
Osm ммоль/л |
||||||
140.0 | 1.0 | 1.5 | 0.5 | 111.0 | 2.0 | 33.0 | 290 | ||||||
BF-В гемодиализге арналған концентрацияланған негізгі ерітіндінің құрамы | |||||||||||||
Код |
NaHCO3 г |
Тазартылған су л |
|||||||||||
BF-B | 84.0 | 1.000 |
Шығарылу түрі: 6 литрлік канистрде 6 литр ерітінді.
Жағымсыз әсерлері: Жекелеген жағдайларда ерітіндіні қолданған кезде жүрек айнуы, құсу мен түйілулер байқалады.
Сақтау шарттары: «BF-B» ерітіндісін қақпақшасы тығыз жабылатын канистрде 10°С -ден 25°С-ге дейінгі температурада, құрғақ және жарықтан қорғалған жерде сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі: 2 жыл.